Астанада 800-ден астам бала иппотерапиямен оңалтудан өтті
«Арғымақ» ат спорты кешені ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтудың бірегей әдісі-иппотерапияны белсенді дамытуда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту бойынша сабақтарды аккредиттелген ұйымдарда оқыған оңалту дәрігерлері, сондай-ақ иппотерапия саласындағы білікті мамандар жүргізеді.
Нысан емдеу-оңалту жұмыстарын (иппотерапия) жүргізуге арналған, мұнда балалар мен ересектерге атқа мінуге үйретіледі, спорттық, спорттық-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырады.
Мұнда 20 жылқы бар, олардың 10-ы сауықтыру шараларына белсенді қатыстырылады. Әр ат иппотерапияға қатыстырылатын күнделікті уақыты екі сағаттан.
Астана мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимовтың айтуынша, бүгінде иппотерапияны пайдалана отырып, медициналық оңалтуды ұсыну регламенті әзірленіп, бекітілді.
Ол медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, балалар тізімін қалыптастыруды, сондай-ақ жұмысты жүйелеуді және қызмет көрсету тәртібін қамтиды. Бұдан басқа, регламент шеңберінде оңалтудың жеке жоспарлары мен бару кестелері жасалады.
Сондай-ақ Ерлан Каналимов иппотерапия бойынша сабақтарды ұйымдастыру үшін «Жансая» және «Нұрлы жүрек» орталықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлады.
«2024 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін 802 бала иппотерапиядан өтті, оның 610-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет алды. Жұмыс birge.astana.kz платформасы арқылы ұйымдастырылған, бұл процестің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бейімделген спортпен шұғылдану үшін жеті бала таңдалды. Сондай-ақ өңірлік және республикалық жарыстар өткізілді, онда «Арғымақ» тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды», - деді Е.Каналимов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -