Астанада ақылы автотұрақты кімдер тегін пайдалана алады
Астанада ақылы тұрақ аймағының шекарасында тұрғындардың кейбір санаттары оны тегін пайдалана алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Оларға мыналар жатады:
- «Алтын қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерімен марапатталған тұлғаларға тіркелген көлік құралдары;
- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I, II және III дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға тіркелген көлік құралдары;
- әскери қызметтен босатылған немесе әскери жиындарға шақырылған, Ауғанстанда және басқа да әскери іс-қимылдар жүргізілген басқа елдерде интернационалдық борышын орындаған, осы көлік құралдарын жүргізетін не осы көлік құралдарында жүрген азаматтарға тіркелген көлік құралдары;
- мүгедек балаларға, бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдарға, сондай-ақ мүгедек баланың заңды өкілдеріне тіркелген көлік құралдары;
- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға тіркелген көлік құралдары;
- тиісті тану белгілері, түсті-графикалық бояуы және жазулары бар шұғыл жедел қызметтердің (жедел медициналық көмек, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті) көлік құралдары;
- Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, ҰОС кезеңінде әрекет етуші армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлеріне және жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға тіркелген көлік құралдары.
Азаматтардың жеңілдетілген санаттары онлайн режимінде мына сілтеме бойынша өтініш бере алады (https://astanapark.kz/ru/pages/privileges/privileges_add).
Автотұрақ тракторларды, өздігінен жүретін машиналарды және өлшемдері коммуналдық ақылы тұрақтардың тұрақ орындарының мөлшерінен асатын көлік құралдарын қоспағанда, механикалық көлік құралдарына ресімделеді.
Ол бір пайдаланушыға екі көліктен артық емес тіркеледі. Бұл жәрдемақы ұсынылған медициналық анықтамалар бойынша мүгедектерге беріледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -