Астанада ауыл шаруашылығы ғылымының жетістіктері мен болашағы талқыланды
ҚР Президентінің Кеңесшісі Күнсұлу Закарияның төрағалығымен «Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу» 2-мақсатын іске асыру шеңберінде тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша жұмыс істейтін MIND Акселераторының жобалау-зерттеу тобының маңызды кездесуі өтті.
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрайымы Айгүл Ахмеджанова команданың жетістіктерімен, соның ішінде ҰАҒББО-ын тігінен интеграцияланған агротехнологиялық хабқа айналдыру бойынша жасалған жұмыстармен бөлісті. «Бұл трансформация агроөнеркәсіп кешенін ресурстармен қамтамасыз етуді жақсартуға және институционалдық шешімдерді бейімдеуге бағытталған, атап айтқанда Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын іске асуына ықпал ететін жоба», - деді Айгүл Ахмеджанова.Жиынның негізгі аспектілерінің бірі – ауыл шаруашылығы ғылымын және оны қаржыландыруды қолдайтын заңнамалық өзгерістерге бастамашылық жасауға бағытталған топтың әзірлемелері болды.Құрамында Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ғылыми университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері бар топ аграрлық сектордағы ғылым, білім және бизнестің өзара әрекеттесуін күшейту бойынша ұсыныстарын жеткізді. Бұл шаралар Қазақстандағы агроғылым мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы үшін негіз жасауға бағытталған.С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің профессоры Лаура Аутелеева команданың басым міндеттерінің бірі ҰАҒББО-ның жұмысын жетілдіру екенін атап өтті. Бұл еліміздің аграрлық секторындағы ғылым, білім және бизнестің өзара байланысына жәрдемдеспек.Сонымен қатар, кездесу аясында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен бірлескен жобаның Жол картасына қол қойылды. Қазақстанда «Халықаралық гендік банкті құру» жобасы IOPS елдерінің генетикалық тұқым банкін қалыптастыруға бағытталған және Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында 2024-2029 жылдар аралығында жүзеге асырылатын болады.Айта кетейік, Қазақстанның аграрлық ғылымы мен ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған жұмыстар келесі жылы да жалғасатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -