АСТАНАДА ҰБТ ЖҮЙЕСІН БАҒАЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
11-14 мамыр аралығында Астанада «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңында «Ұлттық бірыңғай тестілеуді бағалау жүйесін жетілдіру» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шара «Ginger–SOFRECO» (Франция), «National Foundation for Educational Research» (Ұлыбритания), «Be Supply» ЖШС (Қазақстан) және «cApStAn» (Бельгия) компаниялардан құрылған консорциумның «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінде іске асты.
Семинар-тренингке ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Ұлттық тестілеу орталығының, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, облыстық және қалалық білім басқармалары мен ЖОО-ның өкілдері қатысты.
«Орта білім беруді жаңғырту» жобасының негізгі мақсаты ҰБТ тест тапсырмаларын әзірлеушілерге арналған оқыту бағдарламасын әзірлеу және тестілеу бойынша әзірлеушілер мен сарапшыларды оқыту, әр түрлі типтегі ҰБТ-ның тест тапсырмаларын әзірлеу және сынақтан өткізу. ҰБТ тест тапсырмаларының мазмұнына және операциялық қызметті қамтамасыз етуге жауапты мамандарды, сондай-ақ бағалау рәсімдері бойынша менеджерлерді оқыту және оқыту бағдарламаларын әзірлеу. Сонымен қатар, тестілеу рәсімдерін өткізу үшін нұсқаулықтар жазу және одан әрі реформалар жүргізу үшін ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Іс-шара барысында ұсынылған нәтижелер негізінде Қазақстандағы ҰБТ-ны реформалаудың болашағы туралы панельдік пікірталастар ұйымдастырылып, консорциум сарапшылары өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылармен пікір алмасты.
Семинар-тренингтің қорытынды кезеңінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоба шеңберінде оқыту бағдарламасының барлық кезеңін сәтті аяқтаған 350 тест әзірлеушіге халықаралық дәрежедегі сертификаттар табыстап, барлық қатысушылар мен іс-шара ұйымдастырушыларын құттықтады.
Жалпы алғанда, аталған жоба шеңберінде консорциум сарапшыларының басшылығымен 8800-ден астам ҰБТ тест тапсырмаларын әзірлеп, ҰТО-ның 53 маманы мен менеджері оқудан өткен. Жоба нәтижелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және одан әрі реформалар жүргізу үшін ұсынымдар әзірленген.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -