Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтары қорғалды
МҚІА Шығыс қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қашықтықтан бақылау жүргізу барысында азаматтарға жер телімдерін беруден негізсіз бас тарту фактілерін анықтады.
Тексеру кезінде жергілікті атқарушы орган азаматтардың жер телімдерін рәсімдеп жатқанына және оған жер комиссиясының оң қорытындысының болуына
қарамастан,
Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге негізсіз сілтеме жасап, құқықтарын шектегені белгілі болды.
Департаменттің қабылдаған шараларының нәтижесінде
7 азаматқа 1500 гектардан астам жер беріліп, мемлекеттік қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірлді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -