Астанада есірткіге қарсы күрес айлығы басталды
24 мамыр мен 29 маусым аралығында Астанада Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған Есірткіге қарсы профилактикалық айлығы өтеді. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Рустам Гасизов елорданың коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Халықаралық есірткіні теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күні 26 маусымда аталып өтеді. Бұл күн 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында жұртшылықтың назарын жаһандық әлемдік проблемаға – есірткі заттарын пайдалану мен айналымға аудару мақсатында белгіленді.
29 маусымда Астананың орталық мәдениет және демалыс саябағында Қазақстанның танымал эстрада және спорт жұлдыздарының қатысуымен елордада есірткіге қарсы айлығы аясында қорытынды акция (Гала-концерт) өткізіледі.
«Іс-шараны өткізу нашақорлық проблемасына, негізгі тәуекел тобының-жасөспірімдер мен жастардың проблемаларын кешенді шешу қажеттілігіне, салауатты өмір салтын жүргізудің тұрақты қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ нашақорларға қажетті медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге жұртшылықтың назарын аударуға арналған», - деді Рустам Гасизов.
Айлық бойынша жоспарды іске асыруға елорда әкімдігі, барлық мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес сектор қатысады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -