Астанада оқушылар мен студенттерге арналған кәсіптік бағдарлау экскурсиялары қорытындыланды
«Астана даму орталығы» ЖШС-тің ұйымдастыруымен «Кәсіптік бағдарлау экскурсиялары» жобасы қорытындыланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жобаның қатысушылары мен серіктестеріне сертификаттар мен алғыс хаттарды Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров табыс етті.
2023 жылы басталған жоба мектеп оқушылары мен студенттерге кәсіби жолды саналы түрде таңдауға көмектеседі. Оның маңыздылығы 2025 жылды халыққа Жолдауында жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған Мемлекет басшысының бастамасымен ерекше аталып өтеді.
2023 жылы жоба 10 100-ден астам оқушыны қамтыса, 2024 жылы елорданың 97 мектебі мен 23 колледжінен 12 700-ден астам оқушы мен студенттер қатысты. Қатысушылар 43 жетекші ұйым мен жоғары оқу орындарына барып, жұмысшы мамандықтарымен танысып, құнды практикалық біліммен қанаттанды.
Экскурсиялық іс-шаралар оқушылар мен студенттерге еңбек нарығында сұранысқа ие негізгі мамандықтар туралы біліп, олардың атмосферасына енуге мүмкіндік берді.
Жобаны қолдаған оқу орындар мен кәсіпорындарға Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотовтың алғыс хаттары табысталды.
Аталған жоба 2025 жылы да іске асырылмақ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -