Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Қарағанды облысында болды
Комитет төрағасы Ержан Ертаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасарымен бірге өңірдің энергетикалық кәсіпорындарына барды.
Жылу желілері мен тұрғын үй қорының жылу беру маусымына дайындық барысы туралы Теміртау және Шахтинск қалаларының әкімдері баяндады. Жылу көздерінде жүргізіліп жатқан жөндеу науқандары бойынша "Qarmet" АҚ, "Қазақстандық коммуналдық жүйелер" ЖШС, "Nova novatis Ltd" ЖК ГРЭС-1 және "ГРЭС Топар" ЖШС бірінші басшыларының есептері тыңдалды, сондай-ақ жылыту маусымына электрмен жабдықтау желілерін дайындау бойынша "Қарағанды АЭК" ЖШС басшысы баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Комитет төрағасы салалық заңнамаға енгізілген негізгі жаңалықтарға түсініктеме беріп, жөндеу жұмыстарының кестелерін мүлтіксіз сақтау, отынның нормативтік қорын жинақтау, сондай-ақ жылу маусымы басталғанға дейін желілерде жөндеу жұмыстарын аяқтау қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -