Аулаларды көгалдандыру
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, сондай-ақ «Республика күні» ұлттық мерекесіне орай ормандарды сақтау және жаңғырту идеясын қолдау, елімізді көгалдандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері алма, мойыл және ырғай көшеттерін тұрғылықты жері бойынша аулаларында отырғызды.
Бұл игі бастама еліміздің барлық азаматтары үшін елді мекенді көгалдандыру идеясын қолдауға ғана емес, экологиялық білімдерін жетілдіруге бағытталған.
Туған өлкенің жасылдарын сақтау және молайту барлық қазақстандықтардың парызы болып табылады.
Көшеттер «Жасыл аймақ» РМК питомнигінен берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне алма, мойыл және ырғай көшеттерін тұрғылықты жері бойынша аулаларында отырғызу үшін берілген.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -