Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы қаласының халқымен кездесу өткізеді
2024 жылғы 9 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Алматы қаласының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде – өңдеушілермен кездесу және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.
Кездесу сағат 15:00-де Алматы қаласы, Байзақов көшесі 303, 2-қабат мекенжайы бойынша өтеді.
БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат үшін телефон: +7 775 837 8519 – Әсия Нұрпейісова.
Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды kuantaev.e@minagri.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -