ҚазҰУ-да «Су дипломатиясы» мамандығы ашылды: Астана қаласы, 19 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚазҰУ-да «Су дипломатиясы» мамандығы ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Су дипломатиясы» мамандығы ашылды. Бұл – Қазақстанда, сондай-ақ Орталық Азияда енгізілген алғашқы әрі бірегей білім беру бағдарламасы.

Жаңа бағдарлама өзекті су мәселелерін шешуде және тұрақты халықаралық қатынастарды құруда сарапшы болу мүмкіндігін береді.

Бағдарлама су ресурстары мен экологиялық мәселелерді терең түсінуге, суды пайдалану саласындағы келіссөздердің әдістері мен тәсілдерін меңгеруге, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нақты жобаларға қатысу тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Білім алушылар әлемнің жетекші сарапшылары мен білікті мамандарының дәрістерін тыңдап, АҚШ-тың Орегон университетінде бір семестр оқып, тағылымдамадан өте алады.

Бағдарлама шеңберінде су дипломатиясы саласында бәсекеге қабілетті кадрлар даярланатын болады. Олардың жұмысы даулар, қақтығыстар немесе мемлекеттер арасындағы шиеленістің ықтимал себептері туындаған кезде су ресурстарын басқару мен пайдалануға қатысты елдер арасындағы бейбіт қатынастардың ынтымақтастығын қолдауға бағытталатын болады.

Су – 21 ғасырдың стратегиялық ресурсы. Бүгінде су ресурстары жиі қақтығыс нысаны болып табылатын Орталық Азияда су дипломатиясын дамыту ерекше маңызға ие.

Заман талабына сай жаңа білім бағдарламасына болашақ дипломаттар мен мемлекеттік қызметкерлер, экология және қоршаған ортаны басқару саласындағы мамандар, халықаралық қатынастар саласындағы заңгерлер мен сарапшылар, жаһандық тұрақтылық пен тұрақты дамуға өз үлесін қосқысы келетін кез келген маман құжат тапсыра алады.

Су дипломатиясы. Бағыты – Ғылыми-педагогикалық магистратура. Ұзақтығы – 2 жыл.

Оқу 2024 жылдың қыркүйегінде басталады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
ҚазҰУ-да «Су дипломатиясы» мамандығы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Су дипломатиясы» мамандығы ашылды. Бұл – Қазақстанда, сондай-ақ Орталық Азияда енгізілген алғашқы әрі бірегей білім беру бағдарламасы.

Жаңа бағдарлама өзекті су мәселелерін шешуде және тұрақты халықаралық қатынастарды құруда сарапшы болу мүмкіндігін береді.

Бағдарлама су ресурстары мен экологиялық мәселелерді терең түсінуге, суды пайдалану саласындағы келіссөздердің әдістері мен тәсілдерін меңгеруге, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нақты жобаларға қатысу тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Білім алушылар әлемнің жетекші сарапшылары мен білікті мамандарының дәрістерін тыңдап, АҚШ-тың Орегон университетінде бір семестр оқып, тағылымдамадан өте алады.

Бағдарлама шеңберінде су дипломатиясы саласында бәсекеге қабілетті кадрлар даярланатын болады. Олардың жұмысы даулар, қақтығыстар немесе мемлекеттер арасындағы шиеленістің ықтимал себептері туындаған кезде су ресурстарын басқару мен пайдалануға қатысты елдер арасындағы бейбіт қатынастардың ынтымақтастығын қолдауға бағытталатын болады.

Су – 21 ғасырдың стратегиялық ресурсы. Бүгінде су ресурстары жиі қақтығыс нысаны болып табылатын Орталық Азияда су дипломатиясын дамыту ерекше маңызға ие.

Заман талабына сай жаңа білім бағдарламасына болашақ дипломаттар мен мемлекеттік қызметкерлер, экология және қоршаған ортаны басқару саласындағы мамандар, халықаралық қатынастар саласындағы заңгерлер мен сарапшылар, жаһандық тұрақтылық пен тұрақты дамуға өз үлесін қосқысы келетін кез келген маман құжат тапсыра алады.

Су дипломатиясы. Бағыты – Ғылыми-педагогикалық магистратура. Ұзақтығы – 2 жыл.

Оқу 2024 жылдың қыркүйегінде басталады.

Аймақтағы жаңалықтар