Қазақстанға Қытайдың әскери делегациясы келді
Қытай Халық-азаттық армиясы "Батыс" Біріккен қолбасшылығының әскери қызметшілері Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.
Шетелдік қонақтар Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығымен кездесіп, жоғары оқу орнының инфрақұрылымымен, материалдық-техникалық базасымен және оқу бағдарламаларымен танысты.
Сапар аясында ҚР ҚК Құрлық әскерлері қолбасшылығының өкілдерімен кездесулер өтті.
ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында қытайлық әріптестер ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін елдің әскери тарихынан сыр шертетін сирек кездесетін жәдігерлер, құжаттар мен фотосуреттер қойылған Мемлекеттік әскери-тарихи музейге барды.
Кездесу соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша әскери ынтымақтастықты дамыту ниеттерін растады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -