ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ДУШАНБЕДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ІС ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
2024 жылдың 30-31 мамыр аралығында Душанбеде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы органдарының және монополияға қарсы саясат жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (МҚМК) қатысуымен маңызды халықаралық кездесулер өтті. Қазақстан делегациясын ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Болат Самбетов бастап барды.
ШЫҰ монополияға қарсы ведомстволары басшыларының 30 мамырда өткен алғашқы кездесуі аясында мүше елдер ынтымақтастығының келешегі мен ағымдағы жағдайы талқыланды. Сондай-ақ, сол күні ТМД елдерінің монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды бірлескен тергеу жөніндегі Штабтың 42-ші отырысы өтті.
31 Мамырда МҚМК-ның 56-шы отырысында әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарығындағы монополияға қарсы органдардың қызметі мәселелері қаралып, ағымдағы кезеңдегі негізгі оқиғалар талқыланды. Іс-шараларға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстаннан келген монополияға қарсы органдардың өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитеті мен Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысты.
БҚДА Төрағасының орынбасары іс-шаралар барысында қатысушылармен өткен жылдың маңызды оқиғалары және Агенттік жұмысының ағымдағы нәтижелері туралы ақпаратпен де бөлісті. Болат Самбетов сондай-ақ жекешелендіру процесін жеделдетуді және кәсіпкерлік еркіндігін қолдауды қоса алғанда, Экономиканы ырықтандыру жөніндегі Президент Жарлығын іске асырудағы басымдықтарды атап өтті.
ШЫҰ және МҚМК аясындағы бірлескен жұмыс экономикалық қатынастарды нығайтуға және мемлекетаралық деңгейде бәсекелестік ортаны қолдауға ықпал етеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -