Қазақстан өкілі алғаш рет БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою комитетіне сайланды
Нью-Йорк, 2024 жылғы 7 маусым – Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі конвенциясына қатысушы мемлекеттердің 23-ші отырысы аясында 2025-2028 жылдар кезеңіне Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі комитет (CEDAW) мүшелерінің сайлауы өтті.
CEDAW-дың құрамына алғаш рет Қазақстаннан үміткер, белгілі қазақстандық дипломат Мәдина Жарбосынова сайланды. Бұл елеулі оқиға болып табылады, өйткені бұған дейін Орталық Азия елдерінің ешқайсысы БҰҰ-ның осы маңызды органында өкілдік етпеген болатын.
Орталық Азия елдері арасында Қазақстан гендерлік теңдік саласындағы ілгерілеу бойынша көшбасшы болып табылады. Қазақстан 146 ел арасындағы гендерлік теңдікті бағалау үшін әзірленген 2023 жылғы Жаһандық гендерлік алшақтық индексінде 62-орынды иеленіп, позициясын жақсартты және 18-орынға көтерілді.
Қазақстанмен қатар CEDAW-да 11 орынға 20 мемлекеттің - Оманның, Швейцарияның, Ливанның, Нидерландтың, Гватемаланың, Андорраның, Австралияның, Непалдың, Грузияның, Чилинің, Барбадостың, ҚХР-дың, Зимбабвенің, Бурундинің, Камерунның, Мозамбиктің, Солтүстік Македонияның, Уругвайдың, Ұлыбритания мен Тогоның өкілдері үміткер болды.
Анықтама: Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі Комитет (CEDAW) – Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға қатысушы мемлекеттердің өз міндеттемелерін орындауын бақылайтын тәуелсіз сарапшылардың органы. Комитет құрамына әлемнің түрлі елдерінен келген әйелдер құқықтары жөніндегі 23 сарапшы кіреді. Шартқа қатысушы елдер төрт жылда бір рет Комитетке тиісті құқықтардың жүзеге асырылуы туралы баяндамалар ұсынуға міндетті. Комитет өз сессиялары кезінде әрбір қатысушы мемлекеттің баяндамаларын қарайды және оларға өз ойлары мен ұсынымдарын қорытынды ескертулер түрінде баяндайды. Қазақстан осы халықаралық құжатқа 1998 жылы қосылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -