Қазақстан Үкіметі жалпы сомасы 1,5 млрд доллар болатын еурооблигацияларды нарыққа сәтті шығарды: Астана қаласы, 04 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан Үкіметі жалпы сомасы 1,5 млрд доллар болатын еурооблигацияларды нарыққа сәтті шығарды

Қазақстан 2015 жылдан бергі үзілістен кейін алғаш рет АҚШ долларымен номинацияланған еурооблигациялар нарығына сәтті оралып, онжылдық мерзімге 1,5 млрд долларға жететін бағалы қағаздарды 4,714% купон мөлшерлеcімен орналастырды.

Аталған мәмілеге жоғары инвестициялық рейтингі бар мемлекеттерге ғана қолжетімді біркүндік виртуалды роуд-шоудан (компанияның акцияларын немесе облигацияларын әлеуетті инвесторларға таныстыру) кейін жол ашылды. Бір күннің ішінде АҚШ, Ұлыбритания, континенталды Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан 100-ден астам инвестормен кеңес өткізіліп, бұл Қазақстанның  және оның экономикалық көрсеткіштеріне халықаралық капитал нарығында сенімді және жоғары дәрежелі эмитент ретінде инвесторлардың елімізге деген қызығушылық пен сенімінің артқанын байқатты.

Сонымен қатар Moody's агенттігінің Қазақстанның тәуелсіз рейтингін Baa1 деңгейіне (тұрақты болжам) дейін бағалауы да бұған оң әсер еткенін айта кету керек.

Облигацияларды уақтылы орналастыру арқылы Қаржы министрлігі шығарылымның көлемі мен бағасы бойынша оңтайлы өлшемдерге қол жеткізе алды. Жиынтықты тапсырыстар кітабы тұрақты өсімді көрсетіп, 6 млрд долларға жетті. Бұл купон мөлшерлемесі мен кіріс деңгейін – 4,714%, сондай-ақ АҚШ қазынашылық облигацияларына қатысты спрэдті (кез келген активті бір уақытта сату мен сатып алуға байланысты өтінімдердің ең тиімді бағалары арасындағы айырмашылық) 88 базистік пункт мөлшеріне дейін белгілеуге мүмкіндік берді.

Мұндай спрэд дамушы елдердің арасында онжылдық дербес облигациялар бойынша рекордтық көрсеткіштердің бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде айтсақ, Сауд Арабиясы, Чили және Польша сияқты «А» рейтингісі бар бірқатар елдің қайталама деңгейлері 88 базистік тармаққа төмен орналасқан. Осы арқылы шетелдік инвесторлар Қазақстанның қаржы-экономикалық және әлеуметтік саясатына жоғары сенім білдіріп отыр.

Бұл еурооблигациялар шығарылымы еліміздің қаржылық тұрақтылығын нығайтып, экономикалық өсіміне жол ашатынын айта кетейік. Сонымен бірге осы орналастырудың қолайлы шарттары қазақстандық квазимемлекеттік және корпоративтік эмитенттер үшін халықаралық капитал нарығына шығуға бенчмарк (бағдар) бола алады.

Еурооблигациялар Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылды.

Аталған мәміленің халықаралық ұйымдастырушылары ретінде, сол секілді бірлескен лид-менеджерлері және букраннерлері (орналастыру кезінде өтінімдер кітабын толтыруға жауапты және ең үлкен тәуекелді қабылдайтын банк) ретінде Citi, JPMorgan, Societe Generale және қазақстандық ұйымдастырушылар тарапынан BCC Invest АҚ қатысқанын атап өткен жөн.

Ақпарат көзі: Министерство финансов Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар