Қазақстан мен ЕЭК кедендік цифрландыру және бақылау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Р.В. Давыдовпен кездесті.
Кездесу барысында Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі кедендік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын – өткізу бекеттерін жаңғыру, кедендік рәсімдерді цифрландыру, навигациялық пломбалар қолдану, тауарлардың кедендік құнын анықтау, мемлекеттік кірістер органдарының бақылау шараларын қабылдау мәселелерін талқылады.
Министрлік ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен тестілеу жүргізу нәтижесі бойынша «Кадағалау паспортының» функционалымен таныстырды.
Тараптар кедендік және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға дайындығын растады.
Тараптар ЕАЭО шеңберінде өзара іс-қимылдың ағымдағы әлеуетін арттыру және тұрақты негізде бірлескен кездесулер (консультациялар) өткізу қажеттілігі туралы келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -