Қазақстан мен Қытай мұнай-газ және энергетика секторларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
2024 жылғы 30 тамызда Бейжіңде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегацияның қытайлық CNPC және State Power Investment компанияларының басшылығымен екіжақты кездесулері өтті.
CNPC төрағасы Дай Хоулянмен кездесу барысында мұнай-газ секторын дамытудың негізгі мәселелері талқыланды. Тараптар "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральдық газ құбырының жаңа желісін салу және қазақстандық газ экспортына ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу тақырыптарын қозғады. Мұнай саласы мәселелерін талқылау аясында Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдіріп, өзара тиімді шарттарда ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
State Power Investment Corporation төрағасы Лю Миншэнмен келіссөздер барысында тараптар жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап, жалпы энергетика секторының даму перспективаларын талқылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -