Қазақстан мен Жапония сыртқы істер министрлерінің телефон арқылы сөйлесуі туралы
Астана, 2024 жылғы 1 қараша – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жапония Сыртқы істер министрі Такэси Иваямен телефон арқылы сөйлесті.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қазақ-жапон қатынастарының бірқатар маңызды мәселелерін, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуді талқылады.
Министрлер сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар, соның ішінде өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.
Қазақстан мен Жапонияның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастырудың өзара ниеті расталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -