Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі: 2027 жылы кемінде 2,3 млн. ауыл тұрғыны жоғары жылдамдықты байланыс инфрақұрылымына қосылу мүмкіндігіне ие болады
Бүгін Астанада KzКОС байланыс операторларының конференциясы басталды. Іс-шараға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева, Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов, ұялы байланыс операторларының өкілдері және т.б. қатысты.
Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин құттықтау сөз сөйледі.
«Біздің ведомствоның негізгі басымдықтарының бірі –білім деңгейін жақсарту, экономикалық әлеуетті арттыру және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыру үшін Қазақстанның әрбір тұрғынын 100 Мбит/с-тан астам сапалы және қолжетімді интернетпен қамтамасыз ету. Сондықтан бұл тұрғыда «Қолжетімді интернет» іргелі ұлттық жоба саналады. Шағын және орта байланыс операторларын қолдау стратегиясы бізге жоғары жылдамдықты интернетті 400 мың үй шаруашылығына жеткізуге және азаматтарымыз үшін цифрлық технологияларға қолжетімділікті айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді»,- деді Бағдат Мусин.
Сондай-ақ, Цифрлық даму министрі Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде министрлік тарапынан қолданыстағы заңнамаға және қаржы тетіктеріне өзгерістер енгізу бойынша іс-шаралар көзделгенін атап өтті: мысалы, шалғайдағы және халқы аз ауылдарда электр бағаналары бойынша желілерді төсеу үшін жағдайлар жасау, бұл оларды интернетке қосуды жеделдетуге және шалғайдағы ауылдық елді мекендерде интернет-провайдерлерді кеңейту және жақсарту үшін шағын және орта байланыс операторларын субсидиялауға мүмкіндік береді.
Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева министрлікпен заңнамалық шараларды қамтамасыз ету бөлігіндегі бірлескен жұмыс туралы айтып берді, жаңа заң жобасына сәйкес, барлық байланыс операторларының мүмкіндіктері тең, бұл сапалы қызмет көрсетуді білдіреді.
Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов ауылдық елді мекендердегі үй шаруашылықтарына интернеттің «соңғы милін» салуды субсидиялау тетігі туралы айтып берді.
«Біз осы жобаны іске асыру арқылы мынадай нәтижелерге қол жеткізуді жоспарлап отырмыз: министрлік салалық мемлекеттік орган ретінде Қазақстанның барлық халқын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Яғни, басты мақсат – 2027 жылға қарай, ауылдарда дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізу, бұл қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуға көмектесері анық. 2027 жылы жоба аяқталғаннан кейін кемінде 2,3 млн. ауыл тұрғыны жылдамдығы 100 Мбит/с құрайтын Интернет желісіне қол жеткізу арқылы жоғары жылдамдықты байланыс инфрақұрылымына қосылу мүмкіндігіне ие болады», - деді Ержан Мейрамов.
Шағын және орта бизнес – ел экономикасын дамытудың маңызды векторы. Қазіргі таңда шағын және орта байланыс операторлары саланың телекоммуникациясын және нарықта салауатты бәсекелестікті дамытуда өсу қозғалтқышына айналуда. Министрлік осы операторлардың дамуына кедергі келтіретін проблемаларды анықтау және шешу мақсатында шағын және орта байланыс операторларымен тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. Оларды жан-жақты қолдау ведомство үшін басым міндет болып саналады.
Бұған дейін Цифрлық даму министрлігінің басшысы атап өткендей, жеке операторлардың инвестицияларын қолдай отырып, министрлік байланыс инфрақұрылымын дамытуға және нарықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ынталандыруды қамтамасыз етеді. Барлық мүдделі тараптардың: мемлекеттің, ірі байланыс операторларының және шағын интернет провайдерлерінің ынтымақтастығы мен күш-жігерін шоғырландыру телекоммуникациялық нарықты дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Қазақстанда 90-ға жуық орта және шағын оператор жұмыс істейді. Бүгінде олардың ішінен шағын және орта операторлар қауымдастығы құрылды.
«Шағын және орта операторлармен кездесулердің бірінде мен шағын және орта операторлар ассоциациясын құру туралы бастама көтердім, бұл олардың идеяларын ілгерілетуге және нарықта құқықтарды қорғауға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады Бағдат Мусин.
Анықтама:
KzКОС – бұл Қазақстан, Ресей және ТМД елдері бойынша байланыс операторларының, өндірушілердің, интеграторлардың және домофон компанияларының тәжірибесін біріктіруге арналған бірегей іс-шара. «Win-Win» рухындағы ынтымақтастық даму үшін заманауи, қауіпсіз және ыңғайлы кеңістік құруға мүмкіндік береді.
ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -