ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ДДҰ АЛМАТЫДА МСАК ЕЛДЕРІ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ХАТШЫЛЫҒЫН ҚҰРУҒА КЕЛІСТІ
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ДДҰ-ның Алматыдағы МСАК жөніндегі географиялық қашықтағы офисінің базасында МСАК елдері Коалициясының хатшылығын ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстандағы ДДҰ өкілдерімен кездесу өткізді. «Қазақстанның Коалиция құру және ДДҰ ГҚО-сын Коалиция хатшылығының жаһандық орталығына өзгерту жөніндегі бастамасын одан әрі іске асыру мақсатында ҚР Үкіметі мен ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының арасында Коалиция хатшылығын құру жөніндегі келісімді әзірлеу қажет», - деп атап өтті ведомство басшысы ДДҰ-ның МСАК жөніндегі офисінің Басшысы Мелита Якабқа. Кездесу барысында атап өтілгендей, іс-шара денсаулық сақтау жүйелерін бүкіл әлем бойынша МСАК-қа түбегейлі қайта бағдарлау үшін маңызды қадам болады.Тараптар Коалиция хатшылығын құру және МСАК бастамаларын ілгерілету жөніндегі одан арғы жұмыс туралы келісімнің жобасына ұсыныстар беруге, сондай-ақ осы бағыт бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -