Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссияның отырысы өтті: Астана қаласы, 03 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссияның отырысы өтті

2024 жылғы 31 мамырда Вашингтон қаласында (АҚШ) Әділет министрлігінің Халықаралық құқық департаментінің директоры                А.М. Айтқалиева қазақстандық делегация құрамында Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қатысты.

Отырыс барысында А.М. Айтқалиева «Адами өлшем» сессиясына төрағалық етті. АҚШ тарапынан АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісінің орынбасары – Н.Чулик ханым төрағалық етті.

Осы сессия шеңберінде тараптар Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан адам құқықтары саласындағы конституциялық және құқықтық реформаларды талқылады.

Айтқалиева А.М. американдық тарапты азаптау мен қатыгездіктің, адам саудасының, мәжбүрлі еңбек пен еңбек дауларының алдын алу мәселелері бойынша реформалар туралы хабардар етті.

Халықаралық құқық департаментінің директоры Адам құқықтары саласындағы Үкімет Жоспарларының іс-шараларын іске асыру бойынша ақпаратпен бөлісті.

Жоспарлардың іс-шараларын орындау шеңберінде мынадай жақсартуларға қол жеткізілді:

- өлім жазасы жойылды;

- БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың арнайы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетігін көздейтін Президенттің Жарлығы қабылданды;

- Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияға Факультативтік хаттама ратификацияланды;

- сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді Ішкі істер министрлігінен Денсаулық сақтау министрлігіне беру жүргізілді;

- еңбек даулары мен жанжалдарды шешу тәртібі жеңілдетілді;

- «Азаптау туралы істерді прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру туралы» Нұсқаулық бекітілді;

- «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заң жобасы әзірленді.

Сондай-ақ, американдық тарап Мемлекет басшысының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы Жарлығымен қабылданған Адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарын іске асыру туралы хабардар етілді, оның шеңберінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Заң әзірленді, онда негізгі тармақ зорлық-зомбылықты криминализациялау болды.

Тараптар адам құқықтары саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бар күш-жігерін салатынына сендірді.

Сессия сындарлы және іскерлік атмосферада өтті.

Ақпарат көзі: Министерство юстиции Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар