Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев пен Омбудсмен кеңсесінің өкілдері, сонымен қатар Уәкіл жанындағы Сараптама кеңесінің мүшелері Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Іссапар аясында топ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар орналасқан әлеуметтік орталықтарда болды.
Сотталғандардың құқықтарының сақталуын қадағалау мақсатында Уәкіл Ластаев колонияларды – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің №39 төтенше жағдай мекемесі мен №41 толық күзет мекемесін аралады.Артур Ластаев іссапар барысында сотталғандардың жағдайымен танысты, олар тұруға арналған үй-жайларды, асхананы, медициналық бөлімшелерді, қабылдау бөлмелерін, жаттығу алаңдары мен жұмыс орындарын көрді.Омбудсмен тұтқындармен сөйлесіп, құқықтарының сақталуы және азаптауға жол бермеу жағдайын тексерді.Осы ретте Уәкіл кеңсесінің қызметкерлері Қостанай облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығында, Білім басқармасының Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау, бейімдеу орталықтарында болды. Мекемелерді аралау кезінде Уәкіл кеңсесінің өкілдері әлеуметтік орталықтардағы адамдардың тұрмыс жағдайымен танысты. Жатын, медициналық бөлмелерге, асханаларға және басқа нысандарға ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, кеңсе өкілдері осы орталықтарда тұратын мүмкіндігі шектеулі науқастармен және балалармен жеке-жеке әңгімелесті.Аталған мекемелерге бару барысында азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, олардың сақталуы мен құрметтелуін қамтамасыз ету Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің басым бағыты болып табылатынын атап өту керек. Әлеуметтік және пенитенциарлық мекемелердің мониторингін Уәкілдің өзі де, өңірлердегі өкілдер де тұрақты негізде жүзеге асырады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -