Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М.Такиев: Франция Қазақстан үшін маңызды және сенімді серіктес болып табылады. Астана, 2024 жылғы 28 қазан
Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М.Т. Такиев Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті.
М. Такиев Сильван Гиогені Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтады.
Кездесу барысында Тараптар екіжақты экономикалық қатынастарды дамытудың және Қазақстан Республикасында бірлескен жобаларды іске асырудың ағымдағы мәселелерін талқылады.
Бұдан басқа, француз тарапы Францияның даму агенттігінің қызметі, экономиканың түрлі салаларындағы жобаларды іске асыру үшін ұсынылатын қаржы құралдары туралы хабардар етті.
Мади Такиев өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және стратегиялық әріптестікті нығайту үшін тұрақты белсенді диалог орнатуға дайын екенін білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -