Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Астанада бірқатар кездесулер өткізді
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің төртінші кеңесі шеңберінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Ресей Федерациясының Энергетика министрі Сергей Мочальниковпен, ҚХР Мемлекеттік энергетикалық басқарма басшысының орынбасары Вань Цзиньсунмен, ШЫҰ Бас хатшысышың орынбасары Сохаил Ханом және Иран Ислам Республикасының Энергетика министрі Мехрабиан Али Акбармен жеке кездесулерін өткізді.
Келіссөздерде тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын және бірлескен жобаларды іске асырудағы өзара іс-қимылды талқылады. Энергетика саласын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және қолдау мақсатында өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту және нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұдан басқа, өзара қызығушылық тудыратын екіжақты қатынастардың кең ауқымы, оның ішінде мұнай-газ саласы мен энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, озық технологиялармен алмасу және инвестицияларды ұлғайту, сондай-ақ инновациялық шешімдерді енгізу және өндірістік процестерді жақсарту мәселелері қаралды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -