«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау жөніндегі дөңгелек үстелге қатысты баспасөз релизі
2024 жылғы 24 мамырда MIND Maqsut Narikbayev University алаңында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң жобасы) жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Заң жобасы елімізде жобалық басқаруды дамыту үшін қолайлы құқықтық орта құруға бағытталған. Ол Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске, Еңбек және Бюджет кодекстеріне түзетулер енгізуді көздейді. Осы түзетулерді қабылдау мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін және жобалық менеджмент мәселелерін регламенттейтін болады, мемлекеттік органдардың сызықтық-функционалдық құрылымынан матрицалық құрылымына көшу қамтамасыз етілетін болады.
Дөңгелек үстел офлайн және онлайн форматтарда өткізілді.
Заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстелге Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, «Атамекен» ҚР ҰКП, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының, ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының, Азия Даму Банкінің өкілдері, сондай-ақ жобалық басқару жөніндегі сараптамалық қоғамдастықтың, мысалы: ЗТБ «ҚР Жобалық менеджерлер одағы», «Қазақстан жобаларды басқару қауымдастығы» ҚБ, «PMI Kazakhstan Chapter» ҚБ, «Yevniy Consulting Group» ЖШС, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Назарбаев Университеті» ДББҰ, Қазақстандық құрылыс ұйымдарының қауымдастығы, «Орталық Азия инженер-консультанттар қауымдастығы» коммерциялық емес ұйымның өкілдері қатысты.
ЦДИАӨМ Бірінші Вице-министрі Қ.А. Төлеушин құттықтау сөз сөйледі, дөңгелек үстелдің модераторы халықаралық ассессор А.М. Багубаев болды, Заң жобасы туралы ЦДИАӨМ Жобалық басқару саясаты департаментінің директоры Шварцкопф И.А. баяндама жасады, сондай-ақ техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҚР Техникалық ғылымдар жобалық менеджерлер одағының президенті Цеховой А.Ф. сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелде:
- Жобалық басқару мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның әзірленген жобасы туралы;
- Заң жобасының мақсаттары туралы;
- мемлекеттік басқару жүйесіндегі жобалық басқарудың проблемалық мәселелерін шешуде ұсынылатын тәсілдер туралы;
- мемлекеттік басқару жүйесіндегі матрицалық құрылымдар туралы;
- мемлекеттік органдардың қызметін операциялық (процестік) және жобалау қызметіне бөлу туралы;
- стратегиялық, бюджеттік жоспарлау мен жобалық басқаруды үйлестіру туралы сұрақтар талқыланды.
Жоғарыда аталған заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық басқаруды енгізу арқылы мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді заңнамалық тұрғыдан ажыратуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -