Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз
Құрметті қазақстандықтар,
Конституция –
бұл Қазақстанның ең негізгі заңы және қоғамдық бірлік пен мемлекеттіліктің айқын белгісі.
Негізгі заң демократия, құқық үстемдігі, әділеттілік пен бостандық рухын бейнелейді, адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандығын, мемлекеттік биліктің негізгі принциптерін жариялайды.
2022 жылғы республикалық референдум нәтижесінде орын алған конституциялық реформа демократияландыру, адам құқықтары мен бостандығын қорғау және мемлекетті басқару процестерін күшейтудің жаңа тәсілдерін бекітті. Конституциялық Сотты қайта құру және азаматтардың конституциялық бақылау органына тікелей жүгіну құқығына ие болуы және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының нығаюы құқық қорғаушылық әлеуетті, азаматтық белсенділікті және құқықтық мәдениетті күшейтудің үлгісінің көрінісі.
Конституция бізді бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, кемсітушілікке жол бермеуге, әлеуметтік кепілдіктерді іске асыруға, адамды және оның қадір-қасиетін құрметтеуге, заңдылықты қамтамасыз етуге бағыттайды. Конституциялық қағидаттар мен кепілдіктерді сақтау және іске асыру мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның тұрақты дамуына, патриотизм мен азаматтықты нығайтуға ықпал етеді.
Барша қазақстандықтарды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын және зор денсаулық, бейбітшілік, бірлік пен береке тілеймін!
ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы
Эльвира Азимова
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -