Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшелерімен кездесу: Астана қаласы, 15 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшелерімен кездесу

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 3 мамыр 2024 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Бегалиев Ернар Нұрлановичпен және Нұрбеков Айдын Маратовичпен Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің білім алушылары, магистранттары және профессор-оқытушы құрамы үшін кездесу өтті.

«Қазақстан Республикасында қалай судья болу керек» атты тақырыбында  кездесу өтті, кездесу барысында профессор Е.Н. Бегалиев пен А.М. Нұрбеков ҚР сот органдары мен Жоғары Сот Кеңесінің қызметі туралы айтып берді. Негізгі ұстанымдар таныстырылым материалдарында көрсетілді. Олар судья лауазымындағы кәсіби қызметін байланыстырғысы келетіндер үшін қойылатын біліктілік талаптарына назар аударды. Сот қызметін жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісіп, судьялар үшін құқықтың барлық салаларын білудің күрделілігі мен қажеттілігін және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде өмірлік жағдайларды шеше білуді айқындайтын факторларды бөліп көрсетті.

Университеттің Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Байжомартова Қарлығаш Асылжомартқызы құқық қорғау және құқық қорғау органдары үшін жоғары білікті кадрларды даярлаудағы факультеттің рөліне назар аудара отырып, халықаралық құқық кафедрасы бойынша бакалавриат және магистратура деңгейлерінде 6B04202-«Халықаралық құқық» және  6B04201-«Құқықтану» бойынша  әзірленген білім беру бағдарламаларының қолжетімділігі туралы  баяндады.

Кездесу қызықты өтті, тыңдаушылар сот органдарының қызметі мен Жоғарғы Сот Кеңесінің жұмысы туралы белсенді түрде сұрақтар қойды.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 3 мамыр 2024 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Бегалиев Ернар Нұрлановичпен және Нұрбеков Айдын Маратовичпен Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің білім алушылары, магистранттары және профессор-оқытушы құрамы үшін кездесу өтті.

«Қазақстан Республикасында қалай судья болу керек» атты тақырыбында  кездесу өтті, кездесу барысында профессор Е.Н. Бегалиев пен А.М. Нұрбеков ҚР сот органдары мен Жоғары Сот Кеңесінің қызметі туралы айтып берді. Негізгі ұстанымдар таныстырылым материалдарында көрсетілді. Олар судья лауазымындағы кәсіби қызметін байланыстырғысы келетіндер үшін қойылатын біліктілік талаптарына назар аударды. Сот қызметін жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісіп, судьялар үшін құқықтың барлық салаларын білудің күрделілігі мен қажеттілігін және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде өмірлік жағдайларды шеше білуді айқындайтын факторларды бөліп көрсетті.

Университеттің Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Байжомартова Қарлығаш Асылжомартқызы құқық қорғау және құқық қорғау органдары үшін жоғары білікті кадрларды даярлаудағы факультеттің рөліне назар аудара отырып, халықаралық құқық кафедрасы бойынша бакалавриат және магистратура деңгейлерінде 6B04202-«Халықаралық құқық» және  6B04201-«Құқықтану» бойынша  әзірленген білім беру бағдарламаларының қолжетімділігі туралы  баяндады.

Кездесу қызықты өтті, тыңдаушылар сот органдарының қызметі мен Жоғарғы Сот Кеңесінің жұмысы туралы белсенді түрде сұрақтар қойды.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар