Қазақстан СІМ-де Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері талқыланды: Астана қаласы, 16 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан СІМ-де Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері талқыланды

Астана, 2024 жылғы 16 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қ.Омаров Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Бас директордың көмекшісі – Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директоры Беат Андресті қабылдады.

Кездесу барысында тараптар ҚР мен ХЕҰ арасындағы ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ оларды іске асыру бойынша белгіленген жоспарлар мен шараларды талқылады.

Қ.Омаров Өңірлік директордың алғашқы сапарын құптап, ХЕҰ-мен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, оның ішінде «Одан әрі ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына» қол қоюға үміт білдірді. «Біз үшін ХЕҰ-мен сындарлы серіктестік болуы әрқашан маңызды болды және біз бұл ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз», – деп атап өтті Министрдің бірінші орынбасары.

Б.Андрес Қазақстанға өзінің халықаралық міндеттемелерін орындағаны үшін ризашылығын білдірді. Ол Қазақстанның еңбек саласындағы ұлттық заңнаманы жақсарту жөніндегі күш-жігерін қанағаттанушылықпен атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстанның ХЕҰ Бас директоры Ж.Унгбоның бағдарламалық бастамасы – Әлеуметтік әділеттілік үшін жаһандық коалицияға қосылғаны үшін алғысын білдірді.

Кездесуді қорытындылай келе, Министрдің бірінші орынбасары Өңірлік директорға жемісті диалог үшін алғысын білдіріп, оған одан әрі табыс тіледі. Екі тарап Қазақстан мен ХЕҰ арасындағы негізгі бастамаларды іске асырудағы жемісті ынтымақтастықтың табысты дамып, жалғасатынына сенім білдірді.

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) - 1919 жылы құрылған ең көне және ең өкілді халықаралық ұйымдардың бірі. Бүгінгі күні штаб-пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан БҰҰ-ға мүше 193 елден 187 мемлекет ұйымның мүшелері болып табылады.

Будапештте Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне арналған өңірлік бюроның кеңсесі орналасқан. Қазақстан 1993 жылғы 31 мамырдан бастап ХЕҰ мүшесі болып табылады.

Ақпарат көзі: Министерство иностранных дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Астана, 2024 жылғы 16 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қ.Омаров Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Бас директордың көмекшісі – Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директоры Беат Андресті қабылдады.

Кездесу барысында тараптар ҚР мен ХЕҰ арасындағы ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ оларды іске асыру бойынша белгіленген жоспарлар мен шараларды талқылады.

Қ.Омаров Өңірлік директордың алғашқы сапарын құптап, ХЕҰ-мен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, оның ішінде «Одан әрі ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына» қол қоюға үміт білдірді. «Біз үшін ХЕҰ-мен сындарлы серіктестік болуы әрқашан маңызды болды және біз бұл ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз», – деп атап өтті Министрдің бірінші орынбасары.

Б.Андрес Қазақстанға өзінің халықаралық міндеттемелерін орындағаны үшін ризашылығын білдірді. Ол Қазақстанның еңбек саласындағы ұлттық заңнаманы жақсарту жөніндегі күш-жігерін қанағаттанушылықпен атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстанның ХЕҰ Бас директоры Ж.Унгбоның бағдарламалық бастамасы – Әлеуметтік әділеттілік үшін жаһандық коалицияға қосылғаны үшін алғысын білдірді.

Кездесуді қорытындылай келе, Министрдің бірінші орынбасары Өңірлік директорға жемісті диалог үшін алғысын білдіріп, оған одан әрі табыс тіледі. Екі тарап Қазақстан мен ХЕҰ арасындағы негізгі бастамаларды іске асырудағы жемісті ынтымақтастықтың табысты дамып, жалғасатынына сенім білдірді.

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) - 1919 жылы құрылған ең көне және ең өкілді халықаралық ұйымдардың бірі. Бүгінгі күні штаб-пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан БҰҰ-ға мүше 193 елден 187 мемлекет ұйымның мүшелері болып табылады.

Будапештте Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне арналған өңірлік бюроның кеңсесі орналасқан. Қазақстан 1993 жылғы 31 мамырдан бастап ХЕҰ мүшесі болып табылады.

Аймақтағы жаңалықтар