Қазақстан СІМ-де Республика күні қарсаңында салтанатты жиналыс өтті
Астана, 2024 жылғы 23 қазан – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, оның барысында Министр Мұрат Нұртілеу ведомство ұжымын мерекемен құттықтады.
СІМ басшысы өз құттықтауында 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның егемендігі туралы декларация мемлекетіміздің тәуелсіздігін алу жолындағы маңызды кезең болғанын атап өтті. Бұл мереке – елімізде белсенді жүргізіліп жатқан реформалар мен мемлекеттік жаңғырудың жарқын символы.
«Қазақ дипломатиясының жетістіктері Мемлекет басшысының сыртқы саяси жолдағы іргелі бастамаларын шешуге ықпал етеді, шет мемлекеттермен саяси диалог пен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, шетелдік инвестициялар мен технологияларды тартуға қызмет етеді», – деп мәлімдеді М. Нұртілеу.
Республика күніне орай СІМ орталық аппаратының және ҚР шет елдердегі мекемелерінің қызметкерлеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -