Қазақстанда сот-сараптамасының жаңа түрі «Сот-сексологиялық сараптамасы» енгізілетін болады
Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында айтты. Әділет министрлігі халықаралық тәжірибені талдай келе соңғы кездері психосексуалдық сипаттағы қылмыс санының артуына байланысты зерттеудің жаңа түрі «Сот-сексологиялық сараптаманы» енгізу бойынша жұмыстарды бастады.Яғни қарапайым тілмен айтқанда сараптама тексерілушінің психосексуалдық жай-күйінде ауытқушылықтардың бар жоқтығын анықтайды.Осы жобаны іске асыру мақсатында Астана қаласының Сот сараптамалары ғылыми-практикалық орталығының 3 сот сарапшысы Беларусь Республикасында арнайы оқудан өтті. Қазіргі уақытта «Сот-сексологиялық сараптамасы» бойынша әдістеме әзірленуде.Сонымен қатар Талғат Уәли алимент өндіру қызметіне қатысты мәліметтермен бөлісті. Осыған байланысты аумақтық Әділет органдары мен сот орындаушылардың жұмысы Әділет министрлігінің бақылауында және бүгінгі таңда Қазақстан бойынша сот орындаушыларда 291 мың алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу құжаты бар. Оның ішінде 281 мың борышкер - ер адам және 11 мыңнан астам борышкер - әйелдер екеніне тоқталды.Жыл басынан бері проблемалық алименттер саны 16 197 өндірісті құрап 20,7 млрд. теңге сомасына жеткен. Қазіргі уақытта проблемалық алименттер 21% - ға дейін (сомасы 35% - ға дейін) төмендеді, яғни 13 млрд.теңгеге 12 883 өндіріс бар екендігін айтып өтті.Брифинг барысында Әділет министрлігінің ресми өкілі министрлік жұмыстарының негізгі бағыттарынада тоқталып өтті. Атап айтқанда, жаңа мемлекеттік қызметтерді енгізу және цифрландыру, атқарушылық іс жүргізу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, құқықтық насихат жұмыстары, заңнаманы дамыту және оны жетілдіру мәселелері және алдағы кезеңге арналған міндеттеріне тоқталды.Сондай-ақ Талғат Уәли қазіргі уақытта алаяқтық фактілері жиілеп кеткенін және жалған қызметкерлер өздерін сот орындаушысы ретінде таныстырып, азаматтардан қарыздарын өтеуді талап етіп жатқанын айтты. Талап орындалмаған жағдайда олар жеке шоттарды, мүлікті бұғаттайтынын айтып қорқытуда. Осыған орай атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғы туралы ақпаратты тексеру үшін интернет-браузердің іздеу жүйесінде АИС ОИП (Атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) деп жазу керек, содан кейін «Борышкерлер мен тыйым салулар тізілімі» бөлімін таңдап, тек ЖСН-ді енгізіп тексеріп тұру керектігін айтты. Сөз соңында Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли журналистерді толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -