«Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары» Стейкхолдерлер форумы
Бүгін (2024 ж. 28 мамыр) Астанада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасында АЭС салу жөніндегі жобаның бірінші стейкхолдерлер форумы өтуде. Ұйымдастырушы – «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС.
Форумның негізгі міндеті Қазақстанның ядролық бағдарламасын дамытуға қатысатын мүдделі тараптарды бір алаңда біріктіру болып табылады.
Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Ғұмар Серғазин және «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин алғы сөз сөйледі. Олар бұл іс-шара Қазақстанның ядролық-энергетикалық бағдарламасын іске асыру бойынша іс-қимылы ажырамас бөлігі болып табылатын мүдделі тараптардың кең ауқымы арасындағы өзара сенімді нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Форумда Қазақстандағы энергетиканың қазіргі жағдайы, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі атом энергетикасының рөлі, атом энергетикасының әлеуметтік салаға әсері, атом энергетикасы және экология сияқты тақырыптарды қамту жоспарлануда.
Іс-шараға қатысу үшін дәстүрлі түрде стейкхолдерлер қатарына кіретін түрлі салалар мен бағыттардың өкілдері шақырылды: Үкімет, ұлттық компаниялар, азаматтық сектор, ғылыми және сараптамалық қоғамдастық, бизнес, жергілікті халықтың көшбасшылары, жоғары оқу орындары, технологиялар мен білім берушілер және атом саласының қызметкерлері.
Аталған Форум Қазақстан Республикасының атом энергетикасы саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу үшін маңызды алаң болып табылатынын атап өтеміз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -