Қазақстанда зияткерлік меншік құқығы, мәжбүрлеп орындату, тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру бойынша үш жаңа комитет құрылды
Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңа комитеттер құру туралы қаулы қабылдады. Енді Әділет министрлігінде зияткерлік меншік құқығы, мәжбүрлеп орындату, тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитеттері құрылады.
Жаңа құрылымдар осы салаларда реттеу мен қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталып, бұл функциялардың толық орындалуын, жедел шешімдер қабылдауын қамтамасыз етеді. Бұл жаңашылық ұсынылған қызметтердің сапасын жоғарылату және жылдамдықты арттыруды сондай-ақ азаматтардың және ұйымдардың құқығын қорғауды қоса алғанда бірқатар жетістіктерге алып келеді.
Зияткерлік меншік құқығы комитеті шығармашылық пен инновацияны дамыта отырып, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау мәселелерімен айналысатын болады. Азаматтар үшін бұл патенттер мен авторлық құқықтарды тиімді басқаруға сондай-ақ ғылымның, технологияның және мәдениеттің дамуына жол ашады.
Мәжбүрлеп орындату комитеті сот орындаушыларының іс-әрекеттерінің заңдылығын сақтауға, халықпен тығыз жұмыс істеуге, азаматтардың бұзылған құқықтарын жедел қалпына келтіруге, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуді жаңғыртуға басымдық береді. Бұл азаматтардың құқықтарын неғұрлым сенімді қорғауды қамтамасыз ететін құқық қолдану әрекеттерінің тиімділігі мен әділдігін арттырады.
Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитеті заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтар мен азаматтық хал актілерін, нотариаттық және адвокаттық қызметті реттеу саласындағы бақылауды және заң көмегін көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыратын болады. Бұл азаматтардың қолжетімді және сапалы заң қызметтерін алуға және олардың заң жүйесіне деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -