Қазақстандық делегация қоршаған ортаны пластикпен ластау туралы халықаралық шартты әзірлеуге қатысты
2024 жылғы 24-28 тамыз аралығында Бангкок қаласында, Таиланд Корольдігі БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасының ашық сараптамалық топтарының пластиктің, оның ішінде теңіз ортасының ластануы туралы халықаралық заңды міндетті құжатты әзірлеу жөніндегі сессияаралық отырыстары өтті.
Сараптамалық талқылауға Қазақстан Республикасынан Энергетика, Экология, Сыртқы істер, Сауда және интеграция министрліктерінің, сондай-ақ «Мұнай-газ-химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы (Мұнай-газ-химия қауымдастығы)» ЗТБ және «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілдері қатысты.
Құжат қоршаған ортаны пластикпен ластау мәселесін шешуге бағытталған алғашқы халықаралық шарт болып табылады. Сараптамалық топтардың жұмысы екі бағытқа бағытталды: пластикалық өнімдердің нақты түрлерін, химиялық заттарды және реттелетін тиісті өнімдерді өндірудің стандарттарын анықтау, екінші жұмыс тобы қалдықтарды басқару жүйесін қаржыландыру және жақсарту тетіктерін талқылауға арналды.
Талқылау барысында Қазақстан Республикасының өкілдері қоршаған ортаға жүктемені азайтуға бағытталған пластикалық қалдықтарды басқару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ мұнай-газ-химиясы өнеркәсібін және пластик бұйымдарды қолдануға байланысты экономиканың басқа да секторларын дамыту үшін кедергілердің пайда болуына жол бермеу қажеттігі туралы атап өтті.
Сараптамалық отырыстар ағымдағы жылдың қараша айының соңында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін пластиктің, оның ішінде теңіз ортасының ластануы туралы халықаралық заңды міндетті құжатты (МКП-5) әзірлеу бойынша келіссөздер жүргізу үшін Үкіметаралық комитеттің бесінші сессиясы шеңберіндегі қорытынды келіссөздердің аралық кезеңі болды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -