Қазақстандық десантшылар Беларусь ормандарында «диверсанттардың» көзін жойды
Брест маңындағы оқу полигонында «Орман бауырластығы» тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы аяқталды. Оған Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері қатысты.
Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері орманды-батпақты жерлерде Беларусь Республикасы Арнайы операциялар күштерінің өкілдерімен бірге барлау тапсырмаларын пысықтады.
Бірлескен барлау топтарына тапсырмаларды орындау үшін жауынгерлік өкім берілгеннен кейін әскери қызметшілер траверске кірісті. Белсенді кезең қырық сегіз сағаттан астам уақытқа созылып, оқу-жаттығу жоспарының мазмұнына сай көптеген кіріспе тапсырмаларды қамтыды.
Қиын жағдайларда әрі бейтаныс жерде жұмыс істеу Қазақстанда әзірленген AlpineQuest бағдарламасын пайдалана отырып ұйымдастырылды. Оны десантшылар Беларусь Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілеріне көрсетті. Жеке барлау топтары тапсырмаларды жаяу және авиация арқылы орындауға жіберілді.
Барлау-іздестіру іс-қимылдарын жүргізу кезінде әскери қызметшілер диверсанттардың жасырынған жерін тауып, базалық лагерлерін іздеумен айналысты. Осы нысандардағы жаудың ықтимал іс-қимылдарына талдау жасады.
Белсенді кезеңнің шешуші сатысында заңсыз қарулы құралымның базалық лагерін тазарту үшін жауынгерлік тапсырманы орындауға тікұшақ пайдаланылды. Оның көмегімен шабуыл тобын қону тәсілімен түсіру эпизоды көрсетілді.
Естеріңізге сала кетейік, «Орман бауырластығы-2024» тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы Беларусьтің Брест облысында өтті. Оған Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 50-ге жуық әскери қызметшісі қатысты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -