Қазақстандық педагогтер ІІІ Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалінде жүлделі орындарға ие болды: Астана қаласы, 08 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстандық педагогтер ІІІ Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалінде жүлделі орындарға ие болды

Ереванда VIII мұғалімдер мен білім беру қызметкерлерінің съезді аясында ІІІ Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалі өтті. Оған съездге қатысушы ТМД елдерінен келген үздік педагогтер мен психологтар қатысып, өзара бақ сынасты. Байқауға Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен жалпы саны 56 педагог қатысты.

Фестивальдің негізгі мақсаты – ТМД-ның қатысушы-мемлекеттерінің ең талантты және үздік педагогтерін анықтап қана қоймай, олардың тәжірибелерін мемлекеттер арасында тарату, сондай-ақ жаһандану жағдайындағы білім берудің құндылықтары мен басымдықтарын айқындау. Фестивальдің пленарлық және секциялық отырыстарында қатысушылар білім беруді дамытудың негізгі мәселелерін, білім беру парадигмаларын, білім сапасын бағалау талаптарын және педагогикадағы заманауи тенденцияларды талқылады.

Байқау «Мұғалім», «Тәрбиеші» және «Психолог/Әлеуметтік педагог» номинациялары бойынша өтті. Қазақстаннан фестивальге өңірлік және республикалық деңгейлерден жеңімпаз болып танылған 6 педагог қатысты.

Қатысушылар өздерінің педагогикалық жұмыстарын, оның ішінде авторлық әдістемелерін, оқу жоспарлары мен технологиялық карталарын таныстырды, сондай-ақ әріптестері арасында шеберлік сыныптарын өткізді.

Конкурс қорытындысында Түркістан қаласы НЗМ-нің педагог-психологы Жанна Арынбаева екінші орынға, ал Ақмола облысынан Н.Крупская атындағы мектептің психолог ұстазы Аслан Манатов пен Алматы қаласы РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Гүлнұр Аубакирова үшінші орынға ие болды.

Атап өту керек, съезд ТМД елдерінің педагогтері үшін үздік тәжірибелерімен бөлісетін маңызды алаңға айналды және білім беру қызметкерлерінің кәсіби пікір алмасуына, өзара ынтымақтастық құруына мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі: Министерство образования и науки Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Ереванда VIII мұғалімдер мен білім беру қызметкерлерінің съезді аясында ІІІ Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалі өтті. Оған съездге қатысушы ТМД елдерінен келген үздік педагогтер мен психологтар қатысып, өзара бақ сынасты. Байқауға Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен жалпы саны 56 педагог қатысты.

Фестивальдің негізгі мақсаты – ТМД-ның қатысушы-мемлекеттерінің ең талантты және үздік педагогтерін анықтап қана қоймай, олардың тәжірибелерін мемлекеттер арасында тарату, сондай-ақ жаһандану жағдайындағы білім берудің құндылықтары мен басымдықтарын айқындау. Фестивальдің пленарлық және секциялық отырыстарында қатысушылар білім беруді дамытудың негізгі мәселелерін, білім беру парадигмаларын, білім сапасын бағалау талаптарын және педагогикадағы заманауи тенденцияларды талқылады.

Байқау «Мұғалім», «Тәрбиеші» және «Психолог/Әлеуметтік педагог» номинациялары бойынша өтті. Қазақстаннан фестивальге өңірлік және республикалық деңгейлерден жеңімпаз болып танылған 6 педагог қатысты.

Қатысушылар өздерінің педагогикалық жұмыстарын, оның ішінде авторлық әдістемелерін, оқу жоспарлары мен технологиялық карталарын таныстырды, сондай-ақ әріптестері арасында шеберлік сыныптарын өткізді.

Конкурс қорытындысында Түркістан қаласы НЗМ-нің педагог-психологы Жанна Арынбаева екінші орынға, ал Ақмола облысынан Н.Крупская атындағы мектептің психолог ұстазы Аслан Манатов пен Алматы қаласы РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Гүлнұр Аубакирова үшінші орынға ие болды.

Атап өту керек, съезд ТМД елдерінің педагогтері үшін үздік тәжірибелерімен бөлісетін маңызды алаңға айналды және білім беру қызметкерлерінің кәсіби пікір алмасуына, өзара ынтымақтастық құруына мүмкіндік берді.

Аймақтағы жаңалықтар