Қазақстанның Республикалық нотариаттық палатасы мен Германия Федералдық нотариаттық палатасы өзара ынтымақтастық келісіміне қол қойды
2024 жылдың 5 маусымында Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Германияның халықаралық істер жөніндегі Федералдық нотариат палатасының бас өкілі, Халықаралық нотариустар одағының (UINL) Халықаралық нотариаттық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының (CCNI) төрағасы Ричард Бок бастаған делегациямен кездесті.Сонымен қатар кездесуге Германия елшісі – Моника Иверсен, халықаралық мәселелер бойынша үйлестіруші – Ким Брисевак, Әділет министрлігі Тiркеу қызметi және заң қызметін ұйымдастыру департаменті өкілдері және ҚР Республикалық нотариаттық палатасының төрағасы – Әсел Жанәбілова қатысты. Келіссөздердің мақсаты – Қазақстанның Республикалық нотариаттық палатасы мен Германия Федералдық нотариаттық палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді ұзарту.Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Германия Федералдық нотариаттық палатасы мен Республикалық нотариаттық палата арасындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -