Қазақстанның жаңадан тағайындалған өкілдері ант қабылдады
Астана, 2024 жылғы 7 маусым – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тілегеновтың ант беру рәсімі өтті.
Іс-шараға сыртқы саяси ведомствосының басшылығы қатысты.
Ант қабылдау рәсімі саяси лауазымдарға алғаш рет тағайындалған қазақстандық мемлекеттік қызметшілерге арналған. Мұндай рәсім Қазақстан Республикасының шетелдегі елшілері мен басқа өкілдерінің қызметіне деген жауапкершілік пен адалдықтың жоғары деңгейін көрсетеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -