⚡️ Қазақстанның жемқорлыққа қарсы шараларының іске асырылуын ЭЫДҰ сарапшылары бағалайды
Ағымдағы жылдың 16-19 қыркүйек аралығында Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін ЭЫДҰ жемқорлыққа қарсы желісінің Пленарлық отырысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Бас прокуратураның өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Стамбул іс-қимыл жоспары мониторингінің 5-ші раунды бойынша Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан және Өзбекстанның есептерін бекіту.
Анықтама: Агенттік 2004 жылдан бастап ЭЫДҰ СЖҚЖ мүшесі бола отырып, ЭЫДҰ-мен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. 2007 жылдан бастап Қазақстан ЭЫДҰ мониторингінің 4 раундынан өтті, оның шеңберінде халықаралық стандарттарды имплементациялау арқылы ұлттық заңнама мен құқық қолдану практикасы үздіксіз жетілдірілуде.Өткен жылдың қараша айынан бастап Қазақстан ЭЫДҰ мониторингінің 5-ші кезеңінен өтіп жатыр, оған мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Еліміздің жемқорлыққа қарсы саясаты, жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды қорғау, мамандандырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның қызметі, судьялар мен прокурорлардың тәуелсіздігі мәселелерін қамтитын тоғыз сала талдаудан өтті.
Сондай-ақ, жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мәселелері зерделеніп, бизнестің адалдығы, сатып алу және мүдделер қақтығысы салалары талданды.
Жалпы, сарапшылар іске асырылып жатқан жемқорлыққа қарсы саясатты, ұлттық заңнамаға және құқық қолдану практикасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуді жоғары бағалап, бизнестің парасаттылығы саласында қол жеткізілген прогресті атап өтті.
Жекелеген кемшіліктер ретінде сарапшылар сот билігі мен прокуратура органдарының тәуелсіздігі, ақпарат берушілерді қорғау сияқты салаларды атап өтті.
Хатшылық редакциялық жұмыстарды аяқтағаннан кейін ЭЫДҰ сайтында есеп ресми жарияланатын болады.
Қазақстанға ұсынымдарды іске асыруға екі жыл беріледі, оның аяқталуы бойынша ЭЫДҰ орындалуына бағалау жүргізеді (2026 жылы).
ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестігі Қазақстанның ЭЫДҰ-ның Парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыс тобына кіруі үшін басты шарттардың бірі болып табылады, бұл халықаралық коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды тұлғаларды параға сатып алумен күрес жөніндегі ЭЫДҰ Конвенциясына қосылу үшін қажет.
Қазақстанның жемқорлыққа қарсы саясатын нығайту бойынша ЭЫДҰ әзірлеген ұсынымдар ұлттық құқықтық жүйенің ерекшеліктерін ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.
Ұсынымдарды іске асыру кезінде сараптамалық және техникалық қолдау алу мақсатында Агенттіктің ЭЫДҰ СЖҚЖ-мен ынтымақтастықтың Жол картасына қол қоюы жоспарлануда.
_
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -