АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫ МЕН ЖҮЙЕЛЕРІ» ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАБЫЛДАУ ЖАРИЯЛАНДЫ: Астана қаласы, 19 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫ МЕН ЖҮЙЕЛЕРІ» ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАБЫЛДАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Азаматтық авиация академиясында кеңейтілген құзыреттері бар қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйелердің (ҚБАЖ) сыртқы ұшқыштары дайындалатын болады.

Осы ретте жақын арада елімізде «Сыртқы ұшқыш» авиациялық персонал куәлігінің иелеріне ғана рұқсат етілген қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі бар мамандардың жаңа тобы пайда болатынын білдіреді. Сонымен қатар түлектердің «High Rating» 3 деңгейіндегі ұшқышсыз авиациялық жүйелердің (ҰАЖ) сертификатталған операторы ретінде өз артықшылықтары да болады. Оның арасында: ауыр әуе кемелерімен (750 кг және одан жоғары) ҚБАЖ-ды пайдалану, халықаралық ұшуларды орындау, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, сондай-ақ кіші деңдейдегі ҰҰА-мен әуе бақылауын жүргізу, іздестіру және авариялық-құтқару, авиациялық-химиялық, құрылыс-монтаждау, тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын орындау мен су бетімен, теңіз кемелері мен бұрғылау қондырғыларынан ұшуларды орындау және де аэродром схемаларының ұшуын тексеру.

Одан басқа, түлектер ҰАЖ және ҚБАЖ жүйелері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, ҰАЖ және ҚБАЖ бағдарламалау, навигация және ҰҰА бағыттау, ҰҰА пайдалану және өндірістік технологиялары, ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету бойынша мамандар ретінде қызмет етуге мүмкіндік беретін кең біліктілік спектріне ие болады.

Тек авиациялық оқу орнында іске асырылуы мүмкін бұл бағдарлама В067 «Әуе көлігі және технологиялар» (6В07120) білім беру бағдарламаларының тобына жатады, бағдарлама қазақстандық ҰҰА қауымдастығының, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Азаматтық авиация қауымдастығының сарапшыларының жоғары бағасын алды.

Оқыту 2024 жылдың қыркүйегінен басталады. Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтінімді 24 шілдеге дейін eGov порталында беруге болады. ҰБТ-да математика және физика пәндерін тапсыру қажет. Сонымен қатар ақылы оқыту мүмкіндігі де бар.

«Еңбек нарығында ұшқышсыз ұшу аппараттарының мамандары қазірдің өзінде жоғары сұранысқа ие. Шетелдік және қазақстандық компаниялар ауыл шаруашылығы, ұлттық қауіпсіздік, өнеркәсіп, ғылыми зерттеулер және басқа да салалар сияқты секторларға ҰҰА-ны пайдалана отырып, қызмет көрсетеді. Қазақстанда осы білім беру бағдарламасын енгізу білікті мамандарға өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға және компанияларды жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - дейді академия оқытушылары.

Оқуға түсу шарттары бойынша толығырақ ақпаратты алу үшін Азаматтық авиация академиясының қабылдау комиссиясына хабарласыңыз.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар