АЗОСАИ арнайы комитетінің отырысында өңірлік деңгейдегі ОДМ аудитінің мәселелері талқыланды
14 мамырда ҚР Жоғары аудиторлық палатасының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының өкілдері онлайн режимде Азиялық жоғары аудит органдары ұйымының (АЗОСАИ) арнайы комитетінің отырысына қатысты.
Қатысушылар өңірлік және муниципалдық аудит бойынша жұмыс тобын құру мәселесін талқылады. Бұл тиісті аудиторлық қызметтің тиімділігін арттыруға, осы саладағы үздік тәжірибелерді таратуға, сондай-ақ өңірлік деңгейде БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу аудитіне көзқарастарды жетілдіруге ықпал етеді.
Отырыс барысында Ресей, Қытай, Индонезия, Филиппин және Таиландтың жоғары аудит органдарының өкілдері ОДМ аудиті саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Егор Лебо ОДМ-нің қазақстандық контексте өңірлік деңгейдегі жетістіктерін аудиттеу тәжірибесі туралы баяндама жасады.
Ресей Федерациясының Есеп палатасының өкілдері жұмыс тобының үйлестірушілері ретінде арнайы комитеттің жұмысы туралы жаңартылған ақпарат ұсынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -