БҚДА: ИНВЕСТОРЛАРДАН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕНІ ҮШІН НЕГІЗСІЗ АҚЫ АЛЫНҒАНЫ АНЫҚТАЛДЫ
БҚДА қатты пайдалы қазбаларды өндірудің сервистік қызметтері нарығына талдау жасап, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің іс-әрекеттерінде бұзушылықтар анықтады.
Министрліктің бұйрығына сәйкес «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ ведомстволық бағынысты ұйымына инвесторлардан ақы алу құқығы берілген. 2022-2023 жылдар кезеңінде жалпы сомасы 1,18 млрд теңгеге геологиялық ақпарат алуға 3999 өтінім түскен. Ең көп төлем сомасы -1 қызмет үшін 38,9 млн теңгені құраған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бұл Бұйрығы барлық мүдделі тараптарға геологиялық ақпаратқа ашық және тегін қол жеткізуге кепілдік беретін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің талаптарына қайшы келеді. Бұл норма жаңа жобаларды іске асыруға ықпал ете отырып, үмітті инвесторларды қолдауды қамтамасыз етеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес монополияға қарсы орган заңдарда көзделмеген ақы алу бөлігінде мемлекеттік қолдау шаралары операторларының заңсыз қызметін тоқтатады.
Осыған байланысты, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -