БҚДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОНЛАЙН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2024 жылғы 17 сәуірде А. Ж. Бикебаевтың төрағалығымен бейнеконференция форматында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға кеңестің негізгі мүшелері: А.Т. Айтжанов, Р.Н. Ахметов, А.Б. Бегдесенов, А.К. Жалкеев, А.Б. Ысқақов, А.А. Құсайынов, сондай-ақ Агенттіктің басқа өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі басты мәселе алтыншы монополияға қарсы пакет деп аталатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ұсыныстарды талқыланды. Бұл талқылау Қоғамдық кеңес мүшелері арасында белсенді пікір алмасуға түрткі болды.
Отырыс барысында заң жобасына нақты ұсынымдар әзірленді, олар жақын арада Агенттікке қарауға жіберілетін болады. Бұл ұсынымдар бәсекелестік ортаны нығайтуға және Қазақстан Республикасында адал кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -