БҚДА ЖАНЫНДАҒЫ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОҒЫРЛАНУДЫ ЕСЕПТЕУ ҮШІН ОЗЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҰСЫНАДЫ
БҚДА жанындағы бәсекелестікті дамытудың аналитикалық зерттеу орталығы Экономикалық шоғырлануды есептеудің тың әдістерін ұсынды. Орталық мамандары UPP (Upward Pricing pressure), GUPPI (Gross Upward pricing pressure Index) және IPR (Illustrative price Rise) сынақтарын қолданысқа енгізді. Бұл қазақстандық нарықтағы бірігу салдарын талдауға мүмкіндік береді.
Біздің елімізде алғаш рет қолданылатын бұл құралдар экономикалық шоғырлану процестерін: бірігу, және компанияларды қайта құрудың басқа түрлері тереңірек түсінуге негіз болады.. Әсіресе, нарықтық құрылымдарға және экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер ететін акциялардың бақылау пакеттерін сатып алу тұрғысынан маңызды.
Жаңа әдістерді қолдану әлеуетті бірігулердің бәсекелестік әсерін сандық бағалауға ғана емес, сонымен қатар оларды реттеу процесіне қатаңдықты, жүйелілік пен объективтілікті енгізуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе тәуекелдерді жедел анықтау және нарық үшін ықтимал жағымсыз әсерлерді азайтуда өте маңызды. Жаңа әдістердің арқасында бірігу туралы шешім қабылдау процесі ашық болады. Бұл реттеушілерге деген сенімділікті арттырады және елдегі бәсекелестік ортаны қолдайды.
БҚДА аналитикалық орталығы нарықтық процестерді неғұрлым тиімді реттеуге ұмтыла отырып, өзінің аналитикалық құралдарын әзірлеуді және жетілдіруді жалғастыруда. Экономикалық шоғырлануды есептеудің жаңа тәсілдері нарықтық өзгерістердің ашықтығы мен болжамдылығын күшейтіп қана қоймай, Қазақстан экономикасындағы тұрақтылық пен прогресті қамтамасыз ете отырып, әділ бәсекелестік үшін жағдайларды айтарлықтай жақсартады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -