Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Ерікұлы Біржанов Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Эльдар Туралиевич Алишеровпен кездесті
Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) шеңберінде кедендік ынтымақтастық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Тараптар Одаққа мүше мемлекеттерде тауарларды транзиттеу кезінде туындап жатқан мәселелерді, Одақ аумағында навигациялық пломбаларды қолдану мәселесін, Одақ аясында туындап жатқан кедергілер мен тосқауылдарды жою үшін жасалып жатқан жұмыстар барысын қарастырды.
Ержан Біржанов Одақ шеңберінде қабылданып жатқан нормативтік құқықтық актілердің орындалу барысы туралы хабарлады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -