Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау: Астана қаласы, 10 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жүйелі жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша білім беру жүйесінде миллиардтаған бюджет қаражатын жымқыруға жағдай жасайтын жемқорлық тәуекелдері белгіленді.2023 жылдың басынан бері осы салада барлығы 247 қылмыстық іс тіркелген. Олар бойынша шығын 15,5 млрд теңгені құрады.Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында жымқырудың ең үлкен сомасы анықталды.Қылмыс жасауда 327 адам әшкереленді, оның ішінде 154 адам түрлі жазалау шараларымен сотталды.Осы ретте 86 бухгалтер, 17 мектепке дейінгі мекеме басшысы, 13 мектеп және колледж директоры, 4 білім бөлімінің басшысы және т. б. сотталды.Қазіргі уақытта 195 бухгалтер, 26 мектеп және колледж директоры, 21 мектепке дейінгі мекеме басшысы, 17 кәсіпкер, 17 білім бөлімінің басшысы тергеуде және күдікті деп танылды.Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процестерін автоматтандырудың, бұзушылықтардың алдын алу тетіктерінің және бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелері мен мемлекеттік дерекқорлардың интеграциялық байланыстарының болмауы бюджет қаражатын жымқырудың көптеген фактілеріне себеп болды.Агенттік енгізген ұсынымдарды ескере отырып, уәкілетті мемлекеттік органдармен (Білім, қаржы, цифрлық даму министрліктерімен) бірлесіп білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде мынадай шаралар қабылдады:1) бюджетті жоспарлау процесін цифрландыру үшін құқықтық жағдайлар жасалған; 2) «Бухгалтерлік операциялардың бірыңғай деректер қоймасы» пилоттық жобасы енгізілді;3) Ұлттық білім беру деректер базасын (ҰБДБ) Әділет, Денсаулық сақтау және еңбек министрліктерінің, Құқықтық статистика органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жүргізілді;4) Ұлттық білім беру деректер базасында «Педагог портфолиосы» модулі әзірленді (білім, денсаулық, біліктілік және т.б. туралы мәліметтері бар қызметкердің электрондық дерекнамасы);5) «Жоқ жандарды» болдырмау мақсатында білім беру саласының қызметкерлеріне (биометриялық деректер бойынша) баруды тіркеу жүйесін енгізу туралы норма енгізілді.Сонымен қатар, 2023 жылдың 4-тоқсанында Агенттіктің бастамасымен еліміздің үш өңірінде (Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстары) қолданыстағы бухгалтерлік жүйелер базасында жемқорлық тәуекелдерін болдырмайтын цифрлық шешімдерді енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылды.Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процесін толық автоматтандыру мүмкіндігі сәтті сыналды. Ұйым басшысының бет биометриясы бойынша төлем құжаттарына қол қою, сондай-ақ оларды шифрлау мәселесі пысықталды.Атап айтқанда, жоба өзінің тиімділігін көрсетті. Жүргізіліп жатқан жұмысты масштабтау мақсатында Үкіметке барлық өңірлерде сатып алынатын бухгалтерлік жүйелерге параметрлер мен техникалық сипаттамаларды біріздендіру бойынша ұсыныстар енгізілді.Бұл ұсыныстар қолдауға ие болды, әкімдіктерге тиісті тапсырма берілді (16 өңірде конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілді, бухгалтерлік есептің 4 жүйесіне бұрын сатып алынған, қазір олар сәйкестікке келтірілуде).Енгізілген ұсынымдардың орындалу барысы Агенттіктің бақылауында болады.***Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорған қаласының білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарды.Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және бюджет қаражатын жымқыру мақсатында оған қатысқаны үшін сотталды.Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ 2020 жылғы қаңтар мен 2023 жылғы наурыз аралығында Талдықорған қаласының аумағында құқық бұзушылық әрекеттермен айналысты.Ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару арқылы 4,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 15 жылға, оның қатысушылары 9 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Бұған дейін ұйымдасқан топтың қылмыстық іс-әрекетінің фактілерін жасырғаны үшін Алматы облысы Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы М. Ботабеков пен білім бөлімінің басшысы Ж. Жолдыханов сотталған болатын.

**Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті Шардара ауданы Білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ 2020-2023 жылдар аралығында Шардара ауданының аумағында заңсыз әрекеттермен айналысты және 12 қатысушыдан тұрды.Олар жүйелі негізде білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақы аудару арқылы аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды.Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 3,7 млрд теңге көлемінде залал келтірілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, күдіктілер іс материалдарымен танысуда. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.



Ақпарат көзі: Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жүйелі жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша білім беру жүйесінде миллиардтаған бюджет қаражатын жымқыруға жағдай жасайтын жемқорлық тәуекелдері белгіленді.2023 жылдың басынан бері осы салада барлығы 247 қылмыстық іс тіркелген. Олар бойынша шығын 15,5 млрд теңгені құрады.<b>Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында</b> жымқырудың ең үлкен сомасы анықталды.Қылмыс жасауда 327 адам әшкереленді, оның ішінде 154 адам түрлі жазалау шараларымен сотталды.Осы ретте 86 бухгалтер, 17 мектепке дейінгі мекеме басшысы, 13 мектеп және колледж директоры, 4 білім бөлімінің басшысы және т. б. сотталды.Қазіргі уақытта 195 бухгалтер, 26 мектеп және колледж директоры, 21 мектепке дейінгі мекеме басшысы, 17 кәсіпкер, 17 білім бөлімінің басшысы тергеуде және күдікті деп танылды.Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процестерін автоматтандырудың, бұзушылықтардың алдын алу тетіктерінің және бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелері мен мемлекеттік дерекқорлардың интеграциялық байланыстарының болмауы бюджет қаражатын жымқырудың көптеген фактілеріне себеп болды.Агенттік енгізген ұсынымдарды ескере отырып, уәкілетті мемлекеттік органдармен (Білім, қаржы, цифрлық даму министрліктерімен) бірлесіп білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде мынадай шаралар қабылдады:1) бюджетті жоспарлау процесін цифрландыру үшін құқықтық жағдайлар жасалған; 2) «Бухгалтерлік операциялардың бірыңғай деректер қоймасы» пилоттық жобасы енгізілді;3) Ұлттық білім беру деректер базасын (ҰБДБ) Әділет, Денсаулық сақтау және еңбек министрліктерінің, Құқықтық статистика органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жүргізілді;4) Ұлттық білім беру деректер базасында «Педагог портфолиосы» модулі әзірленді (білім, денсаулық, біліктілік және т.б. туралы мәліметтері бар қызметкердің электрондық дерекнамасы);5) «Жоқ жандарды» болдырмау мақсатында білім беру саласының қызметкерлеріне (биометриялық деректер бойынша) баруды тіркеу жүйесін енгізу туралы норма енгізілді.Сонымен қатар, 2023 жылдың 4-тоқсанында Агенттіктің бастамасымен еліміздің үш өңірінде (Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстары) қолданыстағы бухгалтерлік жүйелер базасында жемқорлық тәуекелдерін болдырмайтын цифрлық шешімдерді енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылды.Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процесін толық автоматтандыру мүмкіндігі сәтті сыналды. Ұйым басшысының бет биометриясы бойынша төлем құжаттарына қол қою, сондай-ақ оларды шифрлау мәселесі пысықталды.Атап айтқанда, жоба өзінің тиімділігін көрсетті. Жүргізіліп жатқан жұмысты масштабтау мақсатында Үкіметке барлық өңірлерде сатып алынатын бухгалтерлік жүйелерге параметрлер мен техникалық сипаттамаларды біріздендіру бойынша ұсыныстар енгізілді.Бұл ұсыныстар қолдауға ие болды, әкімдіктерге тиісті тапсырма берілді (16 өңірде конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілді, бухгалтерлік есептің 4 жүйесіне бұрын сатып алынған, қазір олар сәйкестікке келтірілуде).Енгізілген ұсынымдардың орындалу барысы Агенттіктің бақылауында болады.***Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорған қаласының білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарды.Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және бюджет қаражатын жымқыру мақсатында оған қатысқаны үшін сотталды.Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ 2020 жылғы қаңтар мен 2023 жылғы наурыз аралығында Талдықорған қаласының аумағында құқық бұзушылық әрекеттермен айналысты.Ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару арқылы 4,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 15 жылға, оның қатысушылары 9 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Бұған дейін ұйымдасқан топтың қылмыстық іс-әрекетінің фактілерін жасырғаны үшін Алматы облысы Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы М. Ботабеков пен білім бөлімінің басшысы<b> Ж. Жолдыханов</b> сотталған болатын.</p> <p>**Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті Шардара ауданы Білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ 2020-2023 жылдар аралығында Шардара ауданының аумағында заңсыз әрекеттермен айналысты және 12 қатысушыдан тұрды.Олар жүйелі негізде білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақы аудару арқылы аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды.Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 3,7 млрд теңге көлемінде залал келтірілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, күдіктілер іс материалдарымен танысуда. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.</p>

Аймақтағы жаңалықтар