Бөлшектенген су айдындарынан балық шабақтары құтқарылды
Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (бұдан әрі – Инспекция) 2024 жылғы 17 қазанда әлеуметтік желілерге мониторингті жүзеге асыру барысында «Атырау – Тандай-Х.Ерғалиев» автомобиль трассасы жанындағы бөлшектенген су айдындарында балықтардың қырылу қаупі жөнінде ақпарат анықтады.
Инспекция қызметкерлері болжамды жерге жедел шығып, Атырау облысының Бақсай ауылдық округі өкілдері және жергілікті ауыл тұрғындарымен бірлесіп, балық шабақтарын құтқару жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде 120 000 дана балық шабақтары құтқарылып, Жайық өзеніне тірі күйінде жіберілді. 18 қазандағы жағдай бойынша балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда.
Жалпы, 2024 жылдың маусымынан бастап бөлшектенген су айдындарынан - 121 293 095 дана балық шабақтары құтқарылды, оның ішінде Атырау облысында – 95 043 095 дана, Батыс Қазақстан облысында – 26 250 000 дана.
Бүгінгі күні Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарынан балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда және Инспекцияның үнемі бақылауында.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -