Бас прокуратурада Сенат депутаттарының қатысуымен отырыс өткізілді: Астана қаласы, 06 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Бас прокуратурада Сенат депутаттарының қатысуымен отырыс өткізілді

Бас прокуратурада Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның қабылданғанына екі жыл толуына орай көшпелі отырысы өтті.

Отырысты Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ашып, Конституциялық заңның заң үстемдігін және прокуратураның адам құқықтарын қорғауға қатысты әлеуетін нығайтудағы маңызын атап өтті.

Сенат комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның екі жыл ішінде қадағалау органын жаңғыртуда оң нәтижелер бергеніне ерекше назар аудартты. Енгізілген өзгерістер заң үстемдігін жақсартуға және азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауды күшейтуге айтарлықтай әсер етті.

Отырыс барысында прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қадағалау органы қызметінің негізгі аспектілерін қамтитын баяндамалар жасады. Инвестициялық жағдайды жақсарту және жеке бизнесті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта 27 елдің экономиканың әртүрлі салаларындағы 70 ірі инвесторынан тұратын Ұлттық пулдың 769 жобасы прокуратураның бақылауында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері және қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу нәтижелері талқыланды. Бұл модель енгізілгеннен бері бір жарым миллионнан астам негізгі процестік шешімдер прокурорлық сүзгіден өтіп, қадағалаудың тиімділігі мен сапасын айтарлықтай арттырды.

Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері, оның ішінде Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін орындау мәселелері де назардан тыс қалмады.

Кездесу барысында заңсыз иемделген активтерді қайтару мәселелері, сондай-ақ бұл жұмысты жақсарту шаралары пысықталды.

Кездесу соңында қатысушылар Қазақстан заңнамасын жетілдіру бойынша одан әрі өзара іс-қимылды нығайту үшін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар