Бас прокуратураның алқа отырысында жергілікті атқарушы органдардың жолданымдармен жұмысы талқыланды
А.ж. 26 қарашада Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардағы (ЖАО) азаматтардың жолданымдарын қарау бойынша жұмыстың жай-күйі қарау мәселесіне қатысты алқа отырысы өтті.
Іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының жауапты лауазымды тұлғалары, салалық министрліктердің басшылары, облыс прокурорлары және әкімдері қатысты.
Іс-шараны аша отырып, Бас Прокурор халықпен кері байланыс орнатуға ықпал ететін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын нығайтуға бағытталған шараларды атап өтті.
Олардың қатарында әкімшілік әділет реформасы, «E-Otinish» платформасының енгізілуі, жаңа коммуникация арналарының құрылуы және басқа да институттар бар.
Мемлекет басшысы қыркүйек айындағы Жолдауында жолданымдармен жұмысты жетілдіру міндетін қойды.
«Қоғамдағы «Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың тиімді тетіктерін құрумен тікелей байланысты. Әкімдіктердегі жолданымдармен жұмыс сапасы билікке деген сенім деңгейін ғана емес, сонымен қатар, жалпы, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету ықпал етеді», - деп атап өтті Берік Асылов.
Бұл ретте, халықты ең көп толғандыратын салаларға назар аударылды.
Атап айтқанда, бұл жер, құрылыс мәселелері, әлеуметтік сала, тұрғын үй және коммуналдық қызмет мәселелері, әкімдердің тұрғын үй комиссияларының шешімдеріне қатысты.
Отырыс аясында прокурорлық тексерулердің нәтижелері мен қабылданған шаралар айтылды.
А.ж. 10 айында орталық мемлекеттік органдарға 2,1 млн, ЖАО – 1,1 млн жолданым түскені атап өтілді.
Тексеру барысында жолданымдарға формальды жауап беру, созбалаңдық, мерзімдер мен рәсімдерді сақтамауға жол берілетіні анықталды.
Прокурорлар анықтаған бұзушылықтар бойынша Үкімет пен облыс әкімдеріне прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. Түрлі жауапкершілікке әкімдіктердің 1652 лауазымды тұлғасы тартылды, оның ішінде 601 – басшылық құрам.
Үкімет пен әкімдіктер жасанды интеллект арқылы қоғамға сезімтал мәселелерді талдауды ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауға және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әлеуетін кеңінен пайдалануға бағытталды.
Облыс прокурорларына уәкілетті органдармен бірлесіп, өтініш берушілердің барлық бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және заңсыз шешімдердің күшін жоюды талап ету тапсырылды.
Талқылау нәтижелері бойынша уәкілетті органдарға шағымдарды қарау сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -