ХАБАРЛАНДЫРУ
2024 жылғы 27 қарашада Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтеді, онда сот жүйесінің ұйымдастырушылық және кадрлық мәселелері қаралады, сондай-ақ конкурстың және судья лауазымдарының бос орындарына іріктеу қорытындылары шығарылады.
2024 жылы 26 шілдеде Жоғарғы Сот Кеңесінің Регламентіне судьяларды іріктеу тәртібін жетілдіру және оның рәсімдерін оңтайландыру мақсатында облыстық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос жұмыс орындарын толтырудың уақыт аралығын қысқартуды көздейтін түзетулер енгізілді.
Осылайша, түзетулерге сәйкес, облыстық соттардың судьяларының лауазымдарына конкурстың қорытындылары қосымша бос лауазымдарды, сондай-ақ бұрын конкурс жарияланған соттарда Кеңестің ұсынымдарын (облыстық соттың судьясын басқа қызметке тағайындау немесе сайлау, сондай-ақ оны басқа негіздер бойынша, оның ішінде Кеңестің отырысы аясында қызметінен босату) ескере отырып жүргізілуі мүмкін.
Осыған байланысты алдағы Кеңес отырысында 2024 жылғы 5 тамыздағы облыстық және оларға теңестірілген соттарда барлық қосымша қалыптасқан бос орындарындардың қорытындысы шығарылады деп күтілуде.
Конкурстың қорытындыларын шығару және іріктеу онлайн трансляцияланатын болады. Трансляцияның басталуы сағ. 10:00. Қарау бетіне сілтеме – өту.
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -