Брошюралар таратылды
Діни экстремизмнің алдын-алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде СҚО Дін істері басқармасы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері кезекті профилактикалық іс-шараларды өткізді.
Бұл жолы А.Ғалиаскаров, Н.Беков пен Ә.Зулфуқоров Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, облыс орталығының такси жүргізушілерімен және «Зерттеу СК» ЖШС-нің жұмысшыларымен профилактикалық іс-шара өткізді.
«Адамдарды террористік және экстремистік қызметке тарту технологиясы» тақырыбында өткен іс-шарада спикерлер діни экстремизм дінді насихаттау түрінде әрекет ете отырып, қауіпті көзқарастар мен қағидаттарды санаға сіңіретінін, адамгершілік пен құқық нормаларын бұзып, демократия институттары мен азаматтық қоғамның қалыптасуына кедергі келтіретінін жеткізді.
Сарапшы тыңдаушыларға теріс діни ағымдардың белгілері, адамдарды экстремистік және террористік ұйымдарға тартудың психологиялық әдістері туралы айтып берді. Сондай-ақ, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және мемлекеттің өсіп-өркендеуіндегі конфессияаралық келісімнің рөлін ерекше атады.
Сөз соңында спикерлер деструктивті ағымнан сақтану жолдарын да түсіндірді. Сондай-ақ жүргізушілерге ҚР-ның аумағында тыйым салынған діни кітаптардың тізімі бар брошюралар таратылды.
Материал СҚО Терроризмге қарсы комиссиясы аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -